Жаңалықтарға жазылу  Редакторға хат жазу
Көп оқылған
Мұсылман – түн мен күндіздің күзетшісі
23:44, 22 қазан 2017

Мұсылман – түн мен күндіздің күзетшісі


«Сол (Алла) ғой түн мен күндізді кезектесіп жүретін ауысым етіп жасаған, – түнде ұмытқан амалын күндіз есіне түсіргісі келген адам үшін, я күндіз-түні ұмытпай шүкірлік еткісі келген адам үшін!» (әл-Фурқан: 62)

Омар ибн әл-Хаттаб: Алла елшісінің: «Кім түн тәртібіндегі амалын толық я оның бір бөлігін атқара алмай ұйықтап қалса, сөйтіп онысын таң намазы мен бесін намазы аралығында оқып жіберсе, оған соны түн ішінде оқыған іспетті жазылады», – деп айтқанын естігенін риуаят еткен. (СТ)

Ибн Масғуд: «Расында, түн мен күндіз өткен сайын сендердің мерзімдерің кеміп келе жатыр, ал амалдарың жазылып сақталуда, сондай-ақ  өлім кенеттен келеді. Кім осы дүниеде жақсылық ексе, ақиретіне үміт жинауда, ал кім бұл дүниеде жамандық ексе, ақиретіне өкініш жинауда, сөйтіп әрбір егіншіге еккені ғана болмақ. Кімнің дүниелік әрекеті баяу болса, маңдайына жазылған ризық-үлесі оған қайтсе де келмей қоймайды. Ал кімнің әрекеті шапшаң болса, маңдайына жазылмаған нәрсеге қайтсе де қол жеткізбейді. Сондай-ақ кімге жақсылық берілсе, оны оған берген тек Алла екенін біліп жүрсін, әм кім жамандықтан құтылса, оны одан құтқарған тек Алла екенін біліп жүрсін! Тақуалар – елдің мырзалары, ал фақиһтер – елдің басшылары, олармен кеңес құрып отыруларың жақсылықтарыңды арттыра береді», – деп айтқан. (аз-Зуһд ли Әби Дәуд)


Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

© 2019 Al-Azim.Kz
Сайт материалын көшіріп басу үшін міндетті түрде сілтеме қою керек.