Жаңалықтарға жазылу  Редакторға хат жазу
Көп оқылған
Мұсылманның истиғфар айтудан тілі суалмайды
15:41, 19 қазан 2017

Мұсылманның истиғфар айтудан тілі суалмайды


«Және кім білместіктен бір жамандық істеп қойса я біле тұра өзіне әділетсіздік жасап қойса, сосын Алладан кешірім сұрай қойса, әрине, Алланы Кешірімді Рақымды сипатта табады» (ан-Ниса: 110).
«Және сен олардың арасында жүргендіктен Алла оларды азаптамайды! Сондай-ақ олар да кешірім сұраушы күйде жүргендіктен Алла оларды азаптаушы емес!» (әл-Әнфал: 33).
Анас: Алла елшісінің: Алла тағала: «Ей, Адам баласы! Сен қашан Менен кешірім дұғасын тілеуіңмен үміттенген сайын, не істеп қойғаныңа қарамастан, Мен сені кешіріп келемін. Ей, Адам баласы! Егер сенің күнәларың көкті қаптаған бұлттардың көлеміне жетсе де, сосын сен Менен кешірім дұғасын тілесең болғаны, еш нәрсеге қарамастан, Мен сені кешіремін. Ей, Адам баласы! Егер сен Менің құзырыма жердің көлеміндей күнәларыңмен келсең, сосын Маған ешнәрсені серік қоспаған күйде жолықсаң, Мен саған сонша көлемде кешірім әпкелемін», – деп айтты дегенін естіген. (СТ)
Ибн Аббас: Алла елшісінің: «Кім истиғфардан ажырамаса, Алла әрбір машақаттан шығар жол жасап қояды, әм әрбір уайымды сейілтер жол жасап қояды, сондай-ақ есебінде болмаған жақтан ризықтандырады», – деп айтқанын риуаят еткен. (СӘД)


Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

© 2019 Al-Azim.Kz
Сайт материалын көшіріп басу үшін міндетті түрде сілтеме қою керек.