Жаңалықтарға жазылу  Редакторға хат жазу
Көп оқылған
Ақтөбенің барлық мешіттері имаммен қамтылды
19:12, 15 октября 2017

Ақтөбенің барлық мешіттері имаммен қамтылды


Діни экстремизммен күрестегі басты құрал – білікті маман екендігі даусыз. Себебі, кадр тапшылығы шешілмей, түйткілдің түйіні де тарқатылмайды.

Осы ретте, Бас Мүфтидің бастамасымен Ақтөбе өңіріне діни кадр тарту жұмыстары жүйелі қолға алынып, нәтижесінде, өкіл имам Төлеби Оспанның ұйытқы болуымен бүгінде барлық Ақтөбе мешіттері имаммен толық қамтылып отыр.

Соның ішінде, күні кеше ғана діни басқарманың бұйрығымен Мұғалжар ауданының екі бірдей мешітіне жаңа имам тағайындалды. Атап айтқанда, Жұрын ауылдық «Хайрулла» мешітіне Шукралиев Мұхамбетқали және Мұғалжар ауылдық мешітіне Ақмурзин Сәндібек имам болып бекітілді. Ақтөбеде барлығы 66 мешіт бар болса, бүгінде ондағы кадр тапшылығы мәселесі түбегейлі шешімін тапты.

Нақтырақ айтқанда, өткен жылы облысқа 16 діни маман қызметке тартылды. Ал биыл бұл көрсеткіш 24-ке көбейді. Нәтижесінде, екі жыл ішінде қатарға 40 діни маман қосылды. Қазір облыс мешіттеріндегі барлық діни қызметкерлер саны — 105. Оның 63-і жоғары және орта білімді мамандар. Бұған дейін мұндай санатты діни қызметкерлердің үлесі 45,2 пайыз ғана болса, енді бұл көрсеткіш 60 пайызға көтерілді. Сәйкесінше, 14,8 пайызға өсіп отыр.

egemen.kz


Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

© 2020 Al-Azim.Kz
Сайт материалын көшіріп басу үшін міндетті түрде сілтеме қою керек.