Жаңалықтарға жазылу  Редакторға хат жазу
Көп оқылған
Біз үшін таң атып, күн шығады
23:06, 17 сентября 2016

Біз үшін таң атып, күн шығады


Бұл дүниенің бір ғана Жаратушысы бар. Ол – Аллаh Тағала. Әлем жаратылмас бұрын Аллаh Тағала бар болған.

Аллаh Тағала ең алдымен жер жүзін, көк аспанды, жұлдыздарды, ай мен күнді рет-ретімен орналастырды. Бұлардың бәріне өмір сыйлады.

Алла Тағала сұлулыққа көмкерілген мына әлемді біз үшін жаратты. Оны таулармен, теңіздермен қоршап, өзен-суларды ағызды. Жел, топырақ, су, ауа – барлығы Аллаhтың шексіз құдіретімен пайда болды. Аллаh Тағала жер жүзін сан алуан түске бояды. Барлық тіршілік атаулы: өсімдіктер, құстар, жәндіктер, хош иісті гүлдер, орман ағаштары мен дәмі тіл үйірер жеміс ағаштары, жарық пен қараңғы – бәрі біздің игілігіміз үшін қызмет етеді.

Тіпті кішкентай жыбырлаған құмырсқа мен алып пілдің де адамзатқа тигізер пайдасы шексіз. Осының бәрі – бір ғана Аллаhтың қалауы!

Раббымыз шексіз құдіретімен тіршілік иелерінің бірін төрт аяқты, кейбірін екі аяқты етіп жаратты. Құстарға ұшсын деп қанат берді. Балықтарға жүзуді, араларға бал жасауды үйретті.

Ол Бол! Дегенде бәрі бола қалды

Біз үшін күн шығып, таң атады. Өзендер біз үшін толассыз ағып, гүлдер біз үшін қауыз жарып, ағаштар бүршік атады. Құстар біз үшін сайрап, әуендетеді. Осының бәрі біздің игілігіміз үшін… Аллаh Тағала бізді жақсы көргендіктен, осыншалық нығыметке бөледі. Бұл үшін Аллаhқа қанша рахмет айтып, шүкір етсек те аз болары сөзсіз.

Көркіне көз тоймайтын өсімдіктер әлемі мен дәмі тіл үйірер тәтті жеміс-жидектердің әр қайсысы өзінше әдемі, өзінше дара, өзінше ерекше… Осының барлығын жаратқан Аллаһ Тағаланың құдыретін толық түйсінуге біздің ақылымыз жетпейді. Бұл ғалам осындай ғажайып сұлулықпен көмкерілген. Ал бізді одан да сұлу жаратып, бәрінен жоғары бағалаған.

Біздің дене мүшелерімізді мінсіз жаратқан, әдемі көрік берген Ұлы Құдырет Иесі бір Аллаһқа ғана сенеміз.

Себебі, Ол – күллі әлемнің Жаратушысы. Аллаһ тағала біз өмір сүріп жатқан осынау жарық дүниені ешкімнің көмегінсіз өзі жаратты. Аллаһ Тағаланың барлығымен бірлігін, Күллі әлемнің жалғыз Жаратушысы екендігін Пайғамбарымыздың (с.а.у.) сұлу сүннеті мен Қасиетті Кітабымыз – Құран Кәрімнен оқып, үйренеміз.


Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

© 2021 Al-Azim.Kz
Сайт материалын көшіріп басу үшін міндетті түрде сілтеме қою керек.