Жаңалықтарға жазылу  Редакторға хат жазу
Көп оқылған
Мүмін Құранның жолынан жалтақтамайды
8:00, 12 қазан 2017

Мүмін Құранның жолынан жалтақтамайды


Хузайфадан: «Ей, қарилер тобы! Түзу болыңдар! Егер түп-түзу болсаңдар, онда өзгелерден ұзаққа озып кеткен боласыңдар. Ал егер біресе оңға, біресе солға жалтақтауды ұстансаңдар, онда ұзаққа адасып кеткен боласыңдар», – деп риуаят етілген. (СБ)

Айша анамыздан: Алла елшісі: «Сөздерің мен істеріңде түзу болыңдар, әм оған шамаларың келмесе де, соған жақынырақ болуға тырысыңдар, түзулікті әсірелеп шектен шықпаңдар, әм нашар істеріңнің кесірін жақсы істеріңмен жууға тырысып сауабын тілеңдер! Сөзсіз, ешкімді ешқашан амалы жәннатқа кіргізбейді!», – деді. Адамдар: «Иә, Алла елшісі, сіз де ме?», – деді. Сонда ол: «Әм мен де, тек егер Алла мені Өз рақымымен жасырып жарылқаса ғана! Сондай-ақ біліп алыңдар, Аллаға ең сүйікті амал – азғантай көлемде болса да, әрдайым істелініп тұратын амал!», – деді деп риуаят етілген. (СМ)

Сайт әкімшілігі: Демек, алып жүрген ілімдерімізге аз да болса амал етуімізді өміріміздің соңына дейін жалғастыра беруіміз керек. Сонда ғана Раббымыз Алланың бізге деген махаббатына лайық болармыз. Алла баршамызды сол мәртебеге жеткізсін.


Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

© 2019 Al-Azim.Kz
Сайт материалын көшіріп басу үшін міндетті түрде сілтеме қою керек.