Жаңалықтарға жазылу  Редакторға хат жазу
Көп оқылған
Көптен күткен қонақ
22:55, 17 сентября 2016

Көптен күткен қонақ


Біз өмір сүріп жатқан бұл ғаламның сарғая күткен мәртебелі мейманы бар болатын. Күллі әлем осы құтты қонақты құшақ жайып қарсы алуға әзірлік үстінде еді.

Ай, күн, барлық планеталар өз ретімен айналысқа түсті. Осылайша, жаңадан келетін қонақ, яғни адамдар үшін ыңғайлы жағдай жасалды. Бұл планеталар өз міндеттерін мүлтіксіз орындап, жердегі болатын жыл мезгілінің төрт маусымының ауа райын ретке келтірді.

Күн де өз қызуын дәл мөлшерде бөле бастады. Себебі, тиісті мөлшерден сәл асып кетсе, келетін қонақ үшін тым ыстық болуы мүмкін, тіпті ол күйіп қалуы да ғажап емес еді. Ал керісінше, күн қызуын азайтатын болса, адамдар қатты тоңып қалуы мүмкін еді.

Аллаh Тағала осының бәрін есепке алып, адамдардың қауіп-қатерсіз, рахат өмір сүруі үшін қолайлы жағдай жасады.

Себебі, Алла Тағала әу баста бұл ғаламды осында келіп, біраз уақыт аялдап, өмір сүретін қонақ үшін жаратқан еді.

Бұл әлем сұлулыққа малынғаны соншалық, мұндай сұлулықты сипаттауға Жаратушы Аллаhтан басқа ешкімнің күші жетпеді.

Осы ғажайып ғаламның қонағы, адамзат баласы үшін Ұлы Жаратушы дүниені сансыз нығыметтерге бөлеп, барлық жағдайды жасады.

Барлық дайындықтар  біткен кезде бүкіл әлем асыға күткен қонақтың да келетін сәті соқты.

Көптен күткен қонақ жаратылып, Аллаh Тағала оны өзінің қонақжайына, яғни жерге орналастырды.

Қонақтың келбеті өте сұлу, өзінен бұрын жаратылған жандылардан әлдеқайда ерекше, әрі көрікті еді.

Оның ең басты ерекшелігі Аллаh Тағала оған ақыл мен сана берді.

Ой берді және сол ойын жеткізе алатын тіл берді.

Аллаh Тағала бұл қонаққа ерекше көңіл бөлді. Себебі Жаратушы оны қатты жақсы көреді. Ол кім дейсідер ғой? Ол — Адам!


Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

© 2021 Al-Azim.Kz
Сайт материалын көшіріп басу үшін міндетті түрде сілтеме қою керек.