Жаңалықтарға жазылу  Редакторға хат жазу
Көп оқылған
Дәрі мен дәрігерге жүгінуге бола ма?
0:23, 11 қазан 2017

Дәрі мен дәрігерге жүгінуге бола ма?


Ислам діні дәрі-дәрмек пайдалануға тыйым салмайды, дәрігерге, шариғатқа қайшы келмейтін емшіге қаралудан тоспайды. Бұхари мен Муслимнің жинақтарында: «Әрбір дерттің дауасы бар. Егер дерттің дауасы дөп түссе, (науқас) Алла Тағаланың рұқсатымен сауығады», «Алла Тағала шипасын берместен, ешбір ауруды жібермейді» делінген. Сондай-ақ, Ахмадтың жинағында Усама бин Шариктің былай дегені келтірілген: «Бірде мен Пайғамбарда болдым, оған бірнеше бәдәуи келді. Олар емдік шаралар қолдануға, емделуге бола ма деп сұрады. Сонда ол: «Иә, Алланың құлдары, дәрі-дәрмекті пайдаланыңыздар! Себебі, Алла Тағала шипасын бірге жіберместен ешбір ауруды жібермейді, тек біреуінен басқа» деді. Одан: «Сонда ол не?» деп сұралғанда: «Кәрілік» деп жауап берілді.

Біліңіз, дәрі-дәрмек ішкенде, емшіге қаралғанда шипаның әш-Шәфи, яғни, Шипа Беруші болған Алладан екенін ескеріп, Оған ғана тәуекел етіп, дәріден яки дәрігерден емес, бір Алладан үміттеніңіз, көмекті Алладан сұраңыз, жақсылықтың Оның ғана қалауымен болатындығын естен шығармаңыз. Қалғандарының барлығы да жай ғана себепкер…

Әби Хизамнан мынадай хадис жеткізіледі: «Пайғамбардың кезінде бір адам жарақат алды, кейіннен ол жерден қан құйылып ағады. Осыдан кейін Бани Анмардан болған екі адам алдырылады, олар әлгі адамды зерттеп, әрекеттерін түсіндіре бастайды. Сонда Пайғамбар араларыңдағы медицинаға епті, білгірін сұрауға қызығушылық танытады. Одан: «Мұнда (медицинада) айырмашылық бар ма?» деп сұралғанда: «Ауруды жаратқан да Ол (Алла), оның шипасын беруші де Ол (Алла)» деп жауап беріледі. (Ахмад).

asylarna.kz


Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

© 2018 Al-Azim.Kz
Сайт материалын көшіріп басу үшін міндетті түрде сілтеме қою керек.