Жаңалықтарға жазылу  Редакторға хат жазу
Көп оқылған
Мұсылманның рухани дүниесі салиқалы ортадан қуат алады
20:48, 10 қазан 2017

Мұсылманның рухани дүниесі салиқалы ортадан қуат алады


«Тақуалардан басқа адал достар ол күні бір-бірлерінің дұшпанына айналады» (аз-Зухруф: 67)

Әбу Һурайрадан: Алла елшісі: «Адам өзінің адал тұтып жүрген досының дінінде! Сондықтан сендерден әркім кімді адал дос тұтып жүргеніне назар аударсын!», – деп айтқаны риуаят етілген. (СТ)

Әбу Мусадан: Пайғамбар: «Салиқалы серік пен жаман серіктің мысалы, жұпар сатып жүрген кісі мен көмір үрлейтін көрік иесі іспеттес. Жұпар иесі жұпарынан саған не жағып береді, не сен одан сатып аласың, не жоқ дегенде сен оның қасынан жақсы иіс сезесің. Ал көрік иесінің қасында тұрсаң, ол не сенің киіміңе жалын тигізеді, не сен одан жағымсыз иіс сезесің», – деді деп айтқаны риуаят етілген. (СБ)

Бір-бірін біраз уақыт түсіне я қабылдай алмай жүріп, жиі араласудың нәтижесінде қалыптасқан достық қатынас, бір-бірімен жан дүниелері жарасып жүрген достықтан жоғары тұрады. Бұл мағынаны келесі хадистен ұғынасыз:

Абдулладан (Ибн Омар): Алла елшісі: «Адамдардың зиянына сабыр ете алмайтын әм олармен араласпайтын кісіге қарағанда, адамдармен араласатын және олардың зиянына сабыр ететін кісі абзал», – деп айтқаны риуаят етілген. (СИМ)

Дүниеде де, ақыретте де жаныңыздан тақуалықта бірге болатын достарыңыз көбейсін!


Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

© 2019 Al-Azim.Kz
Сайт материалын көшіріп басу үшін міндетті түрде сілтеме қою керек.