Жаңалықтарға жазылу  Редакторға хат жазу
Көп оқылған
Мұсылман біреуді мінеп, күліп қорламайды
18:54, 08 қазан 2017

Мұсылман біреуді мінеп, күліп қорламайды


«Ей, иманға келгендер! Бір адамдар бір адамдарды масқараламасын, бәлкім олар өздерінен жақсырақ шығар! Және әйелдер де бір әйелдерді масқараламасын, бәлкім олар өздерінен жақсырақ шығар! Сондай-ақ бір-бірлеріңді айыптап міндемеңдер, жаман атпен де атамаңдар! Иманнан кейін осындай істерді істеп пасық атану нендей жаман еді?! Енді кім осы істерінен тәубе етпесе, міне солар әділетсіздер!» (әл-Хужурат: 11)

Әбу Һурайрадан: Алла елшісі: «Ей, Алланың құлдары бауырлар болыңдар! Мұсылман – мұсылманның бауыры, ол оған әділетсіздік жасамайды, әм оны жәрдемсіз қалдырмайды, әм оған менсінбей қарамайды. Тақуалық тек мұнда, – деп жүрек тұсына үш мәрте сілтеді. Сосын: «Адамның жаман деп есептелуіне жеткілікті қасиет – оның өз мұсылман бауырына менсінбей қарауы! Әр мұсылман үшін екінші бір мұсылманның қаны, малы, ары харам!», – деді деп айтқан. (СМ)

Жундабтан: Алла елшісі: «Бір кісі: «Алламен ант етемін, Алла пәленшені кешірмейді», – деп сөз оздырған. Сонда Алла Тағала: «Анау кім өзі, Мен пәленшені кешірмейді деп Менімен ант етіп тұрған?! Негізінде, Мен ол пәленшені кешіріп те қойғанмын, ал сенің амалыңды жойып жібердім!», – деді деп жеткізген (СМ)


Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

© 2019 Al-Azim.Kz
Сайт материалын көшіріп басу үшін міндетті түрде сілтеме қою керек.