Жаңалықтарға жазылу  Редакторға хат жазу
Көп оқылған
Мұсылман ешқашан өсек тасымайды
12:14, 27 шілде 2017

Мұсылман ешқашан өсек тасымайды


Абдулладан (Ибн Масғуд): Аллаһ елшісі: «Маған сахабаларымнан ешкім ешкім жайында ешбір нәрсе әкеліп жеткізбесін! Өйткені, мен сендерге қарай шыққан кезімде көкірек-көңілімнің сау болғанын жақсы көремін», – деп айтқаны риуаят етілген. (СТ)

Хузәйфадан: Аллаһ елшісі: «Өсекші жәннатқа кірмейді!», – деп айтқаны риуаят етілген (СБ)

Абдулладан (Ибн Аббас): Аллаһ елшісі екі қабірдің қасынан өтіп: «Расымен бұл екеуі азап шегуде әм үлкен күнә үшін азап шегіп жатқан жоқ. Жо, жоқ, бұл үлкен күнә! Бұлардың бірі өсек тасып жүретін. Ал екіншісі зәрден сақтанбайтын», – деп айтқаны риуаят етілген (СБ)

Билал ибн Харис: Аллаһ елшісінің: «Сөзсіз, сендердің біреулерің бір ғана сөзді сөйлеуімен Алланың разылығына қол жеткізеді, ол тіпті сөзінің соған жеткізетінін де ойламаған, сөйтіп Аллаһ тағала оған Қиямет күніне дейін Өзінің разылығын жазып қояды. Әрі, сөзсіз, сендердің біреулерің бір ғана сөзді сөйлеуімен Алланың наразылығына тап болады, ол тіпті сөзінің соған жеткізетінін де ойламаған, сөйтіп Аллаһ тағала оған Қиямет күніне дейін Өз наразылығын жазып қояды», – деп айтқанын риуаят еткен. (СТ)


Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

© 2018 Al-Azim.Kz
Сайт материалын көшіріп басу үшін міндетті түрде сілтеме қою керек.