«Мекке қаласының губернаторы қатысуымен қасиетті екі қаланың арасында жылдам жүретін пойыз станциясы ашылды», — деп хабарлайды arabnews. 450 шақырымды құрайтын Мекке мен Мәдина қаласының арасында аталмыш жүйрік пойызы қауіпсіз әрі сағатына 300 шақырымдық жылдамдықпен қызмет ететін болады.
Мұндай жоба өз кезегінде Таяу Шығыста транспорт саласында ең озық жобалардың алдыңғы қатарына шығып отыр. «Бұл жоба қасиетті мекендерді зиярат етемін деуші қонақтарға арнайы жасалған жұмыс болып отыр. Осылайша біз елге келушілерге қызмет жағдайын жеңілдету үшін тағы бір қадам алға жылжыдық», — деді Мекке қаласы губернаторының орынбасары Халид әл-Файсал.