Жаңалықтарға жазылу  Редакторға хат жазу
Көп оқылған
Мұсылман өзіне қарата істелген зиянға ұстамдылықпен жауап береді
16:04, 23 шілде 2017

Мұсылман өзіне қарата істелген зиянға ұстамдылықпен жауап береді


«Жақсылық пен жамандық теңеспейді! Сен өзіңе қарай істелген жамандықты мінездердің ең жақсысымен қайтар! Сонда сені мен арасында өшпенділік болған әлгі кісі жақын досқа айналады. Әрине, бұны сабырлылардан басқалар қабылдай алмайды, әм бұны зор сауап иелерінен басқалар да ұғына алмайды» (Фуссилат: 34,35)

Әли: «Жақсылық деген – дүние-малың мен балаңның көбеюі емес. Алайда жақсылық деген – ол білімің көбейіп, соның нәтижесінде ұстамдылығыңның зораюы. Сондай-ақ Аллаға деген ғибадатыңмен адамдарға мақтанбуың, егер салиқалы амал істесең, Алланы ғана мақтауың, ал жаман амал істесең, Алладан кешірім тілеуің», – деген.

Әбу ад-Дәрдә: «Мен көрген адамдар тікенексіз жапырақ тұғын. Ал кейінгілер жапырақсыз тікенекке айналған. Егер бұларға жақсылық айтсаң, өзіңді сынаумен болады. Егер оларды жайына қалдырсаң, олар сені жайыңа қалдырмайды», – деген. Сонда бір адамдар одан: «Ондай адамдармен қандай мәміле жасаймыз?», – деп сұраған. Ол: «Бұл дүниеде ар-ұжданыңнан оларға қарыз бере тұр, сосын Қиямет күні мұқтаж болған кезіңде қайтарып аласың», – деп жауап берген.


Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

© 2019 Al-Azim.Kz
Сайт материалын көшіріп басу үшін міндетті түрде сілтеме қою керек.