Жаңалықтарға жазылу  Редакторға хат жазу
Көп оқылған
Ұят – иманның маңызды тармағы әм ажырағысыз қосшысы
12:49, 10 шілде 2017

Ұят – иманның маңызды тармағы әм ажырағысыз қосшысы


Әбу Һурайрадан: Аллаһ елшісі: «Иманның алпыс бірнеше тармағы бар. Әм ұят – иманның бір тармағы!», – деп айтқаны риуаят етілген (СБ)

Абдулладан (Ибн Омар): Аллаһ елшісі: «Ұят пен иман бірге жүретін қосшылар! Егер біреуі кетсе, екіншісі қоса кетеді!», – деп айтқаны риуаят етілген (МХ)

Абдулладан (Ибн Масғуд): Аллаһ елшісі: «Алладан лайықты ұятпен ұялыңдыр!», – деді. Сонда біз: «Аллаға шүкір, әрине, біз ұяламыз ғой», – дедік. Ол: «Мен талап етіп тұрған ұят ол емес! Алайда Алладан лайықты ұялатын ұят – ол бас пен оның құрамындағы мүшелерді сақтауың, әрі іш пен оның құрамындағы мүшелерді сақтауың, өлім мен шірікке айналатыныңды еске алуың, кім аһиретті қаласа, дүниенің сәнін тастайды, кім осы айтқандарымды істесе, сонда ғана Алладан лайықты ұятпен ұялған саналады», – деді деп айтқаны риуаят етілген (СТ)


Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

© 2019 Al-Azim.Kz
Сайт материалын көшіріп басу үшін міндетті түрде сілтеме қою керек.