Жаңалықтарға жазылу  Редакторға хат жазу
Көп оқылған
Мұсылман ешқашан Раббысының сынақтарына наразылық сыңай танытпайды
12:50, 08 шілде 2017

Мұсылман ешқашан Раббысының сынақтарына наразылық сыңай танытпайды


«Дөп түскен ауыртпалықтардың ешбіреуі Алланың рұқсатынсыз түспейді. Сол кезде кім Аллаға (Оның сынақ-жазмышына) иманды болса, Ол оның жүрегін сол сынаққа қатысты туралап қояды. Аллаһ – күллі нәрсені Білуші!» (ат-Тағабун: 11)

Анастан: Пайғамбар: «Сөзсіз, зор сауап зор сынақпен бірге жүреді! Егер Аллаһ бір адамдарды жақсы көрсе, оларды сынайды. Сонда кім Оның сынағына разы болса, оған Алланың разылығы нәсіп болады. Ал кім наразы болса, оған Алланың наразылығы нәсіп болады», – деп айтқаны риуаят етілген (СТ)

Әбу Һурайрадан: Аллаһ елшісі: «Мүминге де мүминаға да жанына әм баласына әм дүние-малына қатысты сынақтар Аллаға жолыққанша үзілмей келе береді де, оның мойнында күнә атаулы (қалмайды)», – деп айтқаны риуаят етілген (СТ)

Әбу Һурайрадан: Аллаһ елшісі: «Мұсылманның басына түсіп тұратын шаршау, ауру, уайым, қайғы, зиян (реніш), күйзеліс, тіпті кіріп кеткен тікенек сияқты сынақтардың ешбіреуі босқа түспейді, ол арқылы Аллаһ оның күнә-қателіктерін жуып жібереді», – деп айтқаны риуаят етілген (СБ).


Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

© 2019 Al-Azim.Kz
Сайт материалын көшіріп басу үшін міндетті түрде сілтеме қою керек.