Түркия алдағы уақытта орта білімді оқу бағдарламасынан Чарльз Дарвинның теориясын оқытуды алып тастауды көздеп отыр. Бұл туралы ЖОО-ның шенеунігі Алпарслан Дурмус хабарлады.
Оның айтуынша, Дарвин теориясы мектеп оқушыларының дәрежесіне тым ауыр келеді екен. Сондықтан, оны түбегейлі мектеп бағдарламасынан алып тастауды ұсынды. Дегенмен, аталмыш теорияны санасы қатайып есейген ЖОО-на түскен студенттеріне ғылыми түрде оқытса болады» дейді шенеунік.
«Мұндай өзгеріс оқу бағдарламасына 2017-2018 жылы енгізілетін болады деп күтілуде. Алайда, бұған дейін әлі де көптеген шешілмеген мәселелерді қарастыру керек» дейді Алпарслан Дурмус.
kazislam.kz