Жаңалықтарға жазылу  Редакторға хат жазу
Көп оқылған
Тақуалықтың тұрақтылығы – өзіңнен есеп алудың үзілмеуінде
18:33, 30 маусым 2017

Тақуалықтың тұрақтылығы – өзіңнен есеп алудың үзілмеуінде


«Ей, иманға келгендер! Алладан абай болыңдар! Әрбір жан ертеңіне не ұсынғанына назар салсын! Алладан абай болыңдар! Сөзсіз, Аллаһ не амал қылып жүргендеріңнен Хабардар! Алланы ұмытқандар, әм ұмытулары себепті Аллаһ оларға өздерін де ұмыттыра салған әлгі біреулер секілді болмаңдар! Олар деген – пасықтар ғой!» (әл-Хашр: 18,19)

Әус ұлы Шәддадтан: Пайғамбар: «Ақылгөй сол – өзінен есеп алып, өлімнен кейінгі күнге амал еткен! Ақылсыз, жігерсіз сол – өзін көңіл қалауына өз еркімен ергізіп, Алладан үміт күткен!», – деп айтқаны риуаят етілген. Омар ибн әл-Хаттаб: «Сендерден Қияметтің есебі алынбай тұрғанда, өз өздеріңнен есеп алып жүріңдер! Раббыларыңның алдына апарылып көрсетілетін үлкен көрініске жақсылап әзірленіңдер! Сөзсіз, осы дүниеде өзінен есеп алып жүрген кісінің ғана Қиямет күнгі есебі жеңіл болады», – деген.  (СТ).

Абай атамыз: «Қазақ та адам баласы ғой, көбі ақылсыздығынан азбайды, ақылдың сөзін ұғып аларлық жүректе жігер, қайрат байлаулылықтың жоқтығынан азады», – деген.


Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

© 2019 Al-Azim.Kz
Сайт материалын көшіріп басу үшін міндетті түрде сілтеме қою керек.