Жаңалықтарға жазылу  Редакторға хат жазу
Көп оқылған
Мұсылман Раббысымен, пайғамбарымен, дінімен мақтанады
18:01, 30 маусым 2017

Мұсылман Раббысымен, пайғамбарымен, дінімен мақтанады


Анас ибн Мәликтен: Аллаһ елшісіне сахабалары тарапынан қажетсіз көп сұрақтар қойыла берген соң, ол құтпа айтып, былай деді: «Маған жәннат пен тозақ көрсетілді. Жәннаттың жақсылығы мен тозақтың жамандығын дәл бүгінгідей көрмеп едім. Егер сендер мен білетін нәрселерді білгендеріңде еді, сөзсіз, аз күліп, көп жылар едіңдер». Бұл сөзді естіген сахабалардың басына бұдан қиынырақ күн келмеген еді. Олар бастарын киімдерімен бүркеді де жылап жіберді. Сосын Омар орнынан тұрып: «Ризамыз Раббымыз болып табылған Аллаға әм дініміз болып табылған Исламға әм пайғамбарымыз болып табылған Мұхаммедке!», – деді деп риуаят еткен. (СМ)

Сағд ибн Әби Уаққастан: Аллаһ елшісінің: «Кім азаншыны естіп тұрған кезінде: «Куәмін, жалғыз Алланың Өзінен басқа тәңір жоқтығына, Оның серігі де жоқ және де Мұхаммед Оның құлы әрі елшісі екендігіне, сондай-ақ мен Аллаға Раббым деп, әм Исламға дінім деп, әм Мұхаммедке елшім деп ризамын десе, оның күнәсі кешіріледі», – деп айтқанын риуаят етті. (СМ)

Әбу Сағид әл-Хұдриден: Аллаһ елшісінің: «Ей, Әбә Сағид! Кім Аллаға Раббым деп, әм Исламға дінім деп, әм Мұхаммедке пайғамбарым деп риза болса, оған жәннат міндетті болады», – деп айтқанын риуаят етті. (СМ)

Абд әл-Муттолиб ұлы Аббастан: ол Аллаһ елшісінің: «Кім Аллаға Раббым деп, әм Исламға дінім деп, әм Мұхаммедке дінім деп, риза болса, иманның дәмін татады!», – деп айтқанын есіттім деген. (СМ)


Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

© 2019 Al-Azim.Kz
Сайт материалын көшіріп басу үшін міндетті түрде сілтеме қою керек.