Жаңалықтарға жазылу  Редакторға хат жазу
Көп оқылған
Мұсылман білімімен Раббысының разылығын ғана көздейді
20:12, 19 маусым 2017

Мұсылман білімімен Раббысының разылығын ғана көздейді


Әбу Умамадан: Аллаһ елшісі: «Өзінікі ақиқат бола тұра, дауды тастаған кісіге – бір сарайдың жәннат айналасынан нәсіп болатынына, әм әзілдеген кезінде де өтірік айтуды тастаған кісіге – бір сарайдың жәннат ортасынан нәсіп болатынына, әм мінез-құлқын жақсартқан кісіге – бір сарайдың жәннаттың биік төрінен нәсіп болатынына мен кепілмін!», – деді деп айтқан. (СӘД)

Әбу Һурайрадан: Аллаһ елшісінің: «Кім Алланың разылығы ғана көзделуі лайықты білім үйренсе, сосын оны дүниелік бір затқа иелену үшін ғана үйренетін болса, Қиямет күні жәннаттың иісін сезе алмайды», – деп айтқаны риуаят етілген. (СИМ)

Мәлик ұлы Кағбтан: ол Аллаһ елшісінің: «Кім білімді білім иелерімен пікір таластыру үшін үйренсе, я білімсіздермен дауласу үшін үйренсе, я адамдардың жүздерін өзіне қарату үшін үйренсе, Аллаһ оны отқа кіргізеді», – деп айтқанын есіттім деген. (СТ)


Талқылау: 1 пікір бар
  1. Диляра:

    Мен осындай создерди окып озимнин калай озгергениме кейсе тан калам шынайы бакыт исламда

    Ответить

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

© 2019 Al-Azim.Kz
Сайт материалын көшіріп басу үшін міндетті түрде сілтеме қою керек.