Жаңалықтарға жазылу  Редакторға хат жазу
Көп оқылған
Біз күнәларымыздың кесірінен бойсұнудан алшақтап бара жатқан жоқпыз ба?! 
16:11, 17 маусым 2017

Біз күнәларымыздың кесірінен бойсұнудан алшақтап бара жатқан жоқпыз ба?! 


«Жүректері Алланы әм түскен хақ ескертулерді еске алуға қарай қорқып бойсұнатын уақыт иман келтіргендерге әлі келмеді ме?! Және де әлгі өздерінен бұрын Кітап беріліп, бойсұнудан ұзаққа үзілген, сөйтіп жүректері тас болып кеткен, әм басым көпшілігі пасық болып тынған иудейлер мен насаралар тәрізді болмайтын уақыт әлі келмеді ме?! Алланың жерді өлімнен кейін қайта тірілтетінін біліңдер! Ақылға келерсіңдер деп, сендерге аяттарды нақты баяндап бердік» (әл-Хадид: 16,17).

Адам өз нәпсісімен дайым күресіп отырмаса, одан есеп алып отырмаса, нәпсісінің тізгінін босатып алады да, өз көңіл қалауының икеміне көніп кететін халге душар болады. Шындап келгенде, нәпсіңнің тізгінін босатуың – Раббыңа бойсұнудан үзіле бастауың. Енді бойсұнуың бұрынғыдай болмайды, уағыздар мен ескертулер бұрынғыдай әсер етпейтін болады, сөйтіп Раббыңның өзіңе сыйлаған көптеген салиқалы амалдарың өміріңнен алыстай береді. Сен оларды ертең әм сосын деген сөздермен қайтарып аламын деп ойлайсың. Алайда ертең әм сосын деген сөздер шайтанның саған жасырын беріп жатқан уәдесі ғана. Сөйтіп өлім сәті келіп қалса, оның сені үміттендіріп келген уәдесі өтірік болып шығады да, ол сені алданған халде қалдырып кетеді. Міне, жоғарыдағы аят осы қауіптен бізді алдын-ала сақтандырып, есімізді жиюға шақырады. Раббымыз ақыл-санамызды Өз нұрыңнан ешқашан ажыратпашы, бізді өзімізге қас қағым сәтке де тапсыра көрмеші, бізді нәпсіміздің жамандығынан сақташы.


Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

© 2018 Al-Azim.Kz
Сайт материалын көшіріп басу үшін міндетті түрде сілтеме қою керек.