Жаңалықтарға жазылу  Редакторға хат жазу
Көп оқылған
Біз Аллаһ тағаланың азап-жазасын еске аламыз ба?
19:48, 16 маусым 2017

Біз Аллаһ тағаланың азап-жазасын еске аламыз ба?


Негізінде, мүминдер – Аллаһ еске түсірілген кезде жүректері үрейленіп кететіндер ғана, әм өздеріне Оның аяттары оқылған сәтте, аяттар имандарына қуат қосады, әм олар әрқашан Раббыларына тәуекел етеді. Олар намаздарын тұрақты атқарып, Біз өздеріне нәсіп еткен ризықтан жұмсап жүреді. Бұлар деген – нағыз мүминдер! Оларға Раббыларының қасында дәрежелер әм толық кешірім әм абыройлы ризық бар! (әл-Әнфал: 2-4).

Имам Фахруддин ар-Рази: Бұл аят нағыз иманның бес нәрсесіз іске аспайтынын нұсқайды:

  1. «Аллаһ еске түсірілген кезде жүректері үрейленіп кететіндер». Мұндағы мақсат – мүмин Алладан қорқуымен ғана мүмин болады. Ал Алладан қорқу Алланы құр еске алу арқылы іске аспайды. Ол тек Алланың азап жазасын еске алу арқылы ғана іске асады. Сөйтіп бірінші мәртебе: мүминдер Раббыларының азап жазасынан қорқу мәртебесі.
  2. «әм өздеріне Оның аяттары оқылған сәтте аяттар имандарына қуат қосады». Екінші мәртебе: мүминдер Раббыларының аяттарында бұйырылған бүкіл міндеттерге бойсұну мәртебесі.
  3. «әм олар әрқашан Раббыларына тәуекел етеді». Мүминдерге тән сипаттардың бірі – олар: «Аллаһ та елшісі де шын айтқан», – деп Раббыларының уәдесіне де ескертуіне шәксіз сенеді. Үшінші мәртебе: жүректің Алладан өзгенің бәрінен бүтіндей ажырауы, Алланың кеңшілігіне ғана бүтіндей сүйенуі, әм Алладан өзгенің бәрінен бүтіндей тәуелсізденуі.
  4. 5. «Олар намаздарын тұрақты атқарып, Біз өздеріне нәсіп еткен ризықтан жұмсап жүреді». Жанды намаз жолында әрі дүние-малды Аллаһ разылығы жолында істету.

Осы айтылған сипаттардың әуелгі үшеуі – жүрек амалдарын, рухани күйлерді білдіреді. Олар: қорқу, ықылас және тәуекел. Ал соңғы екеуі – намаз бен жұмсау, сыртқы күйді білдіретін сипаттар мен мінез-құлықтар. Бұл амалдардың барлығы жүректі тазалайтын амалдар екендігінде ешқандай шәк жоқ. Мүминдердің осы амалдарға қатысты күйлері мен мәртебелері осы дүниеде әртүрлі болғаны секілді, ақиретте де сауаптары мен мәртебелері әртүрлі болады.


Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

© 2019 Al-Azim.Kz
Сайт материалын көшіріп басу үшін міндетті түрде сілтеме қою керек.