Жаңалықтарға жазылу  Редакторға хат жазу
Көп оқылған
Раббыңызға мінәжат-дұға қылғаныңызда дұғаңыздың көп бөлігін сүйікті Пайғамбарға арнап, салауат дұғасын тілеуге дағдыланыңыз!
14:01, 15 маусым 2017

Раббыңызға мінәжат-дұға қылғаныңызда дұғаңыздың көп бөлігін сүйікті Пайғамбарға арнап, салауат дұғасын тілеуге дағдыланыңыз!


Негізінде, Аллаһ әм Оның періштелері пайғамбарға салауат тілейді. Ей, иманға келгендер, сендер де оған салауат пен сәлемді жақсылап тілеңдер! Әлбетте, Алланы және Оның елшісін ренжітіп жүргендерді Аллаһ дүниеде де ақиретте де лағынеттеп, олар үшін қорлаушы азап әзірлеп қойған. Сондай-ақ мүминдер мен мүминәттарды істемеген нәрселері үшін ренжітіп жүргендер жалақорлық пен ап-ашық күнәны нақты арқалап алды. (әл-Ахзап сүресі: 56-58).

Әбу Талхадан: Аллаһ елшісі ерекше бақытты күйде таң атырды. Оның жүзінен қуаныш байқалды. Сонда адамдар: «Ей, Аллаһ елшісі! Сіз бүгін ерекше бақытты күйде таң атырдыңыз. Жүзіңізден қуаныш байқалып тұр», – деді. Сонда ол: «Дәл солай. Маған Жебірейіл келіп: «Сенің үмбетіңнен кім саған бір дұғасын салауат тілесе, Аллаһ оған он жақсылық жазады, әм оның он жамандығын өшіреді, әм оны он дәрежеге көтереді, әм оған сонша салауат қайтарады», – деді деп айтқанын жеткізген. (МА)

Умайр әл-Ансариден: Аллаһ елшісі: «Менің үмбетімнен кім маған ықыласты жүрегімен бір салауат дұғасын тілесе, Аллаһ оған сол үшін он салауат тілейді, әм оны сол үшін он дәрежеге көтереді, әм оған сол үшін он жақсылық жазады, әм оның он жамандығын өшіреді», – деді. (СН)

Ибн Масғудтан: Аллаһ елшісі: «Қиямет күні адамдардың маған ең жақынырағы – маған салауаты ең көп болғаны», – деді деп айтқан. (СТ)

Әбу Умамадан: Аллаһ елшісі: «Әр жұма күні маған көп салауат дұғасын тілеңдер! Сөзсіз, үмбетімнің маған тілеп жүрген салауат дұғасы әр жұма күні маған келтіріледі. Сонда кімнің маған тілеген салауат дұғасы көп болса, ол маған үмбеттегі ең жақынырақ мәртебедегі адам болады», – деді деп айтқан. (СИМ)

Кағб ұлы Убайдан: Мен: «Ей, Аллаһ елшісі! Мен сізге салауат дұғасын көп тілеймін. Дұғамның қанша бөлігін сізге арнасам болады?», – дедім. Ол: «Қалағаныңша», – деді. Мен: «Төрттен бірін қылсам ше?», – дедім. Ол: «Қалағаныңша. Әрине, егер бұған тағы қоссаң, оның өзің үшін жақсырақ болады», – деді. Мен: «Онда жартысын қылсам ше?», – дедім. Ол: «Қалағаныңша. Әрине, егер бұған тағы қоссаң, оның өзің үшін жақсырақ болады», – деді. Мен: «Үштен екісін қылсам ше?», – дедім. Ол: «Қалағаныңша. Әрине, егер бұған тағы қоссаң, оның өзің үшін жақсырақ болады», – деді. Мен: «Дұғамды түгелдей сізге арнай салсам ше?», – дедім. Ол: «Егер олай істесең, уайым-қамың да шешілді, күнәң да кешірілді», – деп айтты деген. (СТ)


Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

© 2018 Al-Azim.Kz
Сайт материалын көшіріп басу үшін міндетті түрде сілтеме қою керек.