Жаңалықтарға жазылу  Редакторға хат жазу
Көп оқылған
Сен — Рамазансың!
19:16, 13 маусым 2017

Сен — Рамазансың!


Ол алыс бір елдімекеннің қиыр шетіндегі қыстаққа жұмыс сапармен барған екен. Бір күні ол маған қалай мұсылман болғанын айтып берді: «Сол күндері ауыл тұрғындарының күнде кешкісін аспанға қарағыштай беруі менің еріксіз назарымды аударды. Олар маған Жаратушы Иеден ерекше бір белгі күтіп жүргендей көрінді. Бір істі бастауға тек сол нұсқаудың берілуі ғана қалғандай-ақ. Аспаннан жылт етіп жаңа туған ай көрінгені сол-ақ екен, бүкіл ауыл қуаныштан толқып кетті. Өмірлеріндегі ең үлкен сүйінші хабарды естігендей күйге түсті. Бірін-бірі əлденемен құттықтап, мəре-сəре. Сөйтсем, мұсылмандар ендігі айда ораза ұстап, ауыз бекітеді екен. Адам баласы бір ай бойы, күнде, əдеттегі тамақ-суынан бас тартуға дәл осылай қуанады дегенге, өз басым еш сенбес едім. Адам баласының тынбай жұмыс істеуі осы тамақ үшін емес пе еді?! Бір-біріне жау, дұшпан боп, соғыстарды осы үшін жасайтын.

Қош, сонымен мен де олармен бірге ораза ұстай бастадым. Бірақ, олардың діні жайлы еш хабарым жоқ еді. Олар сəресіден кейін таң намазына кеткенде аузымды бекітетінмін де, күні бойы сусын мен тамақтан тыйылатынмын. Кешке азан даусы естілгенде елмен бірге аузымды ашатынмын. Мешітте олармен бірге жығылса жығылып, тұрса тұрып жүрдім. Намазда не айтатынын да білмейтінмін. Бірақ жан дүнием ерекше бір рахатқа бөлене бастады. Кеудем кеңіп, рухым тынышталып, жүрегім байыз тауып жатқанын сезетінмін. Осылай жарты ай өткен кезде мешіт имамы мені өзіне шақырды. Бөтен адам екенімді байқаса керек. Жөн сұрады. Əңгімемді естіген кезде таңданысын жасыра алмады. Лезде айналама мені қызықтаған адамдар жинала қалды. Олар маған Ислам жайлы түсіндірді. Ақырында мен: «Алладан басқа тəңір жоқ, Мұхаммед — оның Елшісі» деген куəлік сөздерін айттым. Мұсылман болдым. Ол сəт өмірімдегі ең бақытты кез еді. Айналамдағы адамдар да қуанып, Алланы ұлықтап жатты. Сосын маған «Сен Рамазанның қолынан Ислам қабылдадың» деп, мені «Рамазан» деп атай бастады.

asylarna.kz


Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

© 2018 Al-Azim.Kz
Сайт материалын көшіріп басу үшін міндетті түрде сілтеме қою керек.