Жаңалықтарға жазылу  Редакторға хат жазу
Көп оқылған
Соғыста тиген оқты он бес жыл бойы бас сүйегінде «сақтаған» батыр ата
12:42, 11 мая 2017

Соғыста тиген оқты он бес жыл бойы бас сүйегінде «сақтаған» батыр ата


Бір Алланың құдіретімен, биыл тоқсан жасқа келген Ғизат атаның соғыс жылдарындағы бастан кешкендері бір ғажайып ертегі дерсің. Кеше, мереке күні, атаның амандығын біліп, хал сұрап барған мешіт қызметкерлерімен, жастармен ғибратқа толы әңгімесімен бөліскен қария соғыс жылдарынан сырт шертті.

Сұм соғыс басталғанда небары 14 жастағы жеткіншек те өзге ер азаматтар секілді елін жаудан қорғап, майдан даласына аттанғысы келеді. Отан алдындағы борышын терең түсінген оның осы бір қайратты мінезі, елі үшін өлуге де әзір жігіттік жігері көңілге маза бермей, 1943 жылы Ғизат ата шын жасын жасыру арқылы әскер шебіне қабылданып, соғысқа аттанады. Майдан даласында небір түрлі жойқын шабуылдарды бастан кешіріп, талай мәрте ажалдың аузынан аман қалады. Тіпті осы зұлмат жылдары жаудың қаруынан атылып, бас сүйегіне тиген он бір грамдық оқ 15 жыл бойына оның басында болады. Мұны мұрны арқылы өздігінен сырғып түскен оқты өз көзімен көргенде ғана бір білген  ақсақал алқашқыда аңтарылғанымен, Алланың құдіретінің шексіздігін шын түсінеді. Майдан даласына аттанарда атасының ақ батасын алып, оның үйретуімен «Ықылас» сүресін жаттап кеткен Ғизат ата өзі үнемі іштей айтып жүретін сүренің қасиетін де сол кезде ұғады.

Алланың қалауымен, ажалмен талай мәрте бетпе-бет келіп, аман қалған, ғұмыры ғибратқа толы Ғизат атаның сол кездегі ерлігі, ерге тән сабыры қазіргі өскелең ұрпаққа өшпес өнеге, үлгі.

Индира ІЗБАСҚАН,
Ақтөбе облыстық орталық
«Нұр Ғасыр» мешітінің
баспасөз хатшысы


Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

© 2021 Al-Azim.Kz
Сайт материалын көшіріп басу үшін міндетті түрде сілтеме қою керек.