Жаңалықтарға жазылу  Редакторға хат жазу
Көп оқылған
7 жасар ұлыбританиялық қыз Құранды толық жаттап алған
20:20, 14 сәуір 2017

7 жасар ұлыбританиялық қыз Құранды толық жаттап алған


Ұлыбританияның Лутон қаласында тұратын Мария есімді 7 жасар қыз Құранды толық жаттап алған.

Ол 5 жасында «Ясин» сүресін қайырымдылық ретінде Сирияға ақша жинау үшін жаттаған болатын. Осыдан кейін, жергілікті медреседе Құранның қалған параларын толық жаттап бітірген.

Анасы қызының тез жаттап алу қабілетінің бар екенін аңғарып, хафиз болып шығуын қалайды. Бірақ өкінішіне орай, бұл жерде хафиздыққа оқытатын орындар болмай шығады да, қызын өзі үйретуге бел байлайды.

Оның айтуынша, бұл оңайға соқпаған, өзінен де, қызынан да көп төзімділікті талап ететін машақаты мол іс болған екен.

«Бұл іс менің қолымнан келмейді деген эмоциялық күйде болдым, бірақ Алла маған осы істі соңына дейін жеткізу үшін сабыр берді».

Олар қатаң құрылған кесте бойынша жұмыс жасаған, сол кесте бойынша Мария күніне 5 сағат Құран жаттаумен айналысуы керек болған: мектепке барар алдында жаңа сүрелерді жаттаса,  сабақтан кейін жаттағанын айтатын, ал тамақтанудан кейінгі уақыты – жаттағандарын қайталауға арналатын.

Марияның жаттау қабілетін одан ары арттыру үшін, Құранның жартысын жаттаған сайын анасы қызы қалаған нәрсесін алып беріп отырған. Мария болса жұмсақ ойыншық, бояйтын кітапшалар және мейрамханада тамақ ішу сияқты дүниелерді жиі таңдайды екен.

Екі жылдан кейін, Мария 7 жасқа толғанда Құранды толық жаттап алды, осылайша, олардың ыждаһаттары ақталды. Оның Құранды жаттап біту жетістігі салтанатты түрде тойланды.

Кішкентай қыз осы салтанатта Құранды оқып береді.

Марияның анасының айтуынша, қызының жетістіктері оны «Жер бетіндегі ең бақытты ана» еткен және оның Алладан дұға етіп сұрайтыны «қызы әрқашан осы жаттағандарына сай өмір сүрсе» деген тілек екен.

Muftyat.kz


Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

© 2018 Al-Azim.Kz
Сайт материалын көшіріп басу үшін міндетті түрде сілтеме қою керек.