Жаңалықтарға жазылу  Редакторға хат жазу
Көп оқылған
Шындық пен жалғанды ажырата білесіз бе?
17:53, 14 ақпан 2017

Шындық пен жалғанды ажырата білесіз бе?


Иә, адам баласы күніге біле тұра не білместікпен қаншама мәрте жалған сөйлеп Алланың алдындағы абыройын жоғалтып алып жүр. Бұл әрбірімізге ойланарлық нәрсе. Кей кездері ойымызға оралған дәйексіз деректерді негіз етіп аузымыздан шыққан сөздерімізді салмақтамай, иман сүзгісінен өткізбестен айта саламыз. Және оған мән де бермейміз. Бүкіл ісіміз тура адамдай алшаңдай басып еркін қимылдаймыз. Әттең, ойланғанда еді, адам баласы! Сол еркіндігіміз Раббымыз тараптан келіп жатқан Ұстамдылық деген ұлы сипатымен ұштасып жатқан Рақымының көрінісі екенін. Әлемдердің Раббысы Алла тағаланың сүйікті Елшісі (с.ғ.с.) өзінің хадисінде:

عَلَيْكُمْ بِالصِّدْقِ، فَإِنَّ الصِّدْقَ يَهْدِي إِلَى الْبِرِّ، وَإِنَّ الْبِرَّ يَهْدِي إِلَى الْجَنَّةِ، وَمَا يَزَالُ الرَّجُلُ يَصْدُقُ وَيَتَحَرَّى الصِّدْقَ حَتَّى يُكْتَبَ عِنْدَ اللَّهِ صِدِّيقًا، وَإِيَّاكُمْ وَالْكَذِبَ، فَإِنَّ الْكَذِبَ يَهْدِي إِلَى الْفُجُورِ، وَإِنَّ الْفُجُورَ يَهْدِي إِلَى النَّارِ، وَمَا يَزَالُ الرَّجُلُ يَكْذِبُ، وَيَتَحَرَّى الْكَذِبَ حَتَّى يُكْتَبَ عِنْدَ اللَّهِ كَذَّابًا

«Расында, шыншылдық тақуалыққа апарады, ал тақуалық Жәннәтқа апарады. Адам тек қана шындықты сөйлеп, соңында Алла алдында шыншыл деп жазылады. Шындығында, өтірікшілік күнәһарлыққа апарады, ал күнәһарлық тозаққа апарады. Адам өтірік сөйлеген сайын, соңында Алла алдында суайт өтірікші деп жазылады», – деген.

Аталған хадиске назар аударар болсақ Ардақты Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) шындықты сөйлегендер деп айтқан жоқ, керісінше «шыншылдық» деп жалпылама мағына қалдырды. Демек, басым көпшілігіміз ойлап жүргендей шыншылдық дегеніміз тек қана сөзімізде екен, ал ісіміз басқа деуіміз үлкен қателік. Мүмін адам өзінің арының алдында, Раббысының алдында, қоршаған қоғамның алдында, жаратылыстардың алдында, тіпті күнделікті мініп жүрген көлігінің алдында да шыншыл болуды бойына қалыптастыруы міндет.

Ал, өтірікшіліктің жолы мына жағдайларда өзімізді әрі өзгені алдау арқылы қалыптасады. Мәселен, білмейтін ақпараттарды тарату, дәйексіз сөздерді жаю, жалған түсінік беру, алаяқтық, алдау-арбау, өтірік айтып қолға түсіру, қолыңдағы затыңда жоқ сипатты бар деп айту нағыз суайттардың тірлігі.

Мұның барлығы бастапқы уақытта жаныңды ауыртып, жүрегіңе тынышсыздық сыйлайды. Бірақ, уақыт өте келе өтірікті серік еткен әрбірі осы істерінде қиналмайтын болады. Себебі, Раббысы алдында суайт деп жазылып қалғандардан болуы әбден мүмкін. Бұл адам тезірек тәубеге асығуы керек.

Құрметті бауырлар! Бүгіннен кешіктірмей өз амалдарымызды, сөздерімізді, істерімізді, ниеттерімізді, жүріс-тұрысымызды, қарым-қатынасымызды таразыға салайық. Мүмкін ішінде өтіріктер өріп жүрген шығар.

Алла тағалаға жасап қойған әрекеттерімізден ұялған жүрекпен, нәпсімізді Оның құзырында сындырған қалыпта тәубе етуге асығайық. Алла тағала баршаларымызды шыншылдардан етсін!

«Әл-Азим» мешітінің
Бас имамы Ғ.Жусипов


Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

© 2019 Al-Azim.Kz
Сайт материалын көшіріп басу үшін міндетті түрде сілтеме қою керек.