Жаңалықтарға жазылу  Редакторға хат жазу
Көп оқылған
Алматы: «Интеллектуалды шәкірт» білім бәйгесі өтті
13:19, 07 февраля 2017

Алматы: «Интеллектуалды шәкірт» білім бәйгесі өтті


Алматы қаласы «Әйелдер-қыздар» секторы және Алатау аудандық мешіттердегі әйел ұстаздардың ұйымдастыруымен «Бекет ата» мешітінде «Интеллектуалды шәкірт» атты білім сайысы  өтті.

Алатау ауданының Бас имамы Орынбасар Дәуренбеков «Білімнің маңыздылығы» жайлы сөз қозғап, сайысты бастап берсе, Алматы қаласы «Әйелдер-қыздар» секторының басшысы Ахметова Маржан мұсылман адам дінін де, тілін де, салт-дәстүрін де қатар алып жүретін, ілімді, жан-жақты азамат болуы тиіс екендігін айтып өтті . Пайғамбарымыздың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Тал бесіктен, жер бесікке дейін ілім ізденіңіздер» деген хадисін ұстана отырып, сайысымызға ақ жаулықты аналарымыз, жасы үлкен әпкелеріміз бен ару қыздарымыз қатысты.

Сайыста бес мешіттен жиырма бес шәкірт, «Кіл жүйрікте, кім жүйрік», «Құран мен  Дәстүр», «Дода», «Жекпе-жек» бөлімдері бойынша өткен білім бәсекесіне белсене қатысып, өз білім деңгейлерін таныта білді.  Шәкірттердің білім деңгейін бағалап, төрелігін айту Алматы қаласының ең білікті ұстаздары Маржан Ахметова, исламтанушы,  магистрант Ұлжан Нұрмаханова және педагогика ғылым магистрі, аға оқытушы Маржан Жолмағанбетова ұстаздарға жүктелді.

Сайыс барысында Құран, тәжуид, салт-дәстүрге және пайғамбарлар тарихына  қатысты  сұрақтар қойылып, болашақ ұрпақты тәрбиелейтін қыз-келіншектердің білімдері сыналды. Сондай-ақ, сайыс белсенділікке, топпен жұмыс істеуге  баулуда өз үлесін қосты.

Сайыс қортындысы бойынша, интеллектуалды ойынның бас жүлдесі «Мырзахмет» мешітіне және бірінші орын «Мырзахмет» мешітінің шәкірті Ділдәбекова Фаридаға бұйырды. Жеңімпаздардың барлығы дипломмен және ақшалай  cыйлықтармен марапатталды. Ақ жаулықты әжелеріміз алғыстарын айтып, қатысушыларға разы болып, Қазақстанымыздың болашағы үшін дұға тіледі.

Алматы Орталық мешітінің
баспасөз қызметі


Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

© 2021 Al-Azim.Kz
Сайт материалын көшіріп басу үшін міндетті түрде сілтеме қою керек.