Жаңалықтарға жазылу  Редакторға хат жазу
Көп оқылған
Алашорда үкіметінің 100 жылдығына орай ғылыми конференция өтеді
16:43, 30 қаңтар 2017

Алашорда үкіметінің 100 жылдығына орай ғылыми конференция өтеді


Биыл Алаш ұлттық автономиясының құрылғанына 100 жыл толды. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жанындағы Ғұламалар Кеңесінің XV мәжілісінде Алашорда үкіметінің 100 жылдығына орай республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізу туралы ұсыныс бірауыздан мақұлданды.

«Расында, қазақтың тарихы тағылымға толы. Мұсылмандықты мұрат еткен кешегі Алаш қайраткерлерінің ел ішіндегі сауатсыздықпен аянбай күресіп, ағартушылықпен айналысуы – өткен ғасырдың өлмес өнегесі, естен кетпес ерлігі деп айтар едік. Олар білімсіздің күні қараң екенін жете түсінді. Өздері бір емес, бірнеше саланы меңгерді, бірнеше пәндерді игерді. Олардың білім жолындағы жігері, халықты сауаттандырудағы еңбегі, ауыр сынақтарға төтеп берген табандылығы – әрбір азамат үшін үлкен үлгі», – деп атап өтті мәжілісте Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы.

Ғылыми конференцияда Алаш қайраткерлерінің өмір жолы, еңбектері, туындылары туралы баяндама жасалып, оны кітап етіп шығару жоспарланды.

ҚМДБ баспасөз қызметі
www.muftyat.kz 


Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

© 2018 Al-Azim.Kz
Сайт материалын көшіріп басу үшін міндетті түрде сілтеме қою керек.