Жаңалықтарға жазылу  Редакторға хат жазу
Көп оқылған
Қар дегеніміз не?
18:19, 17 қаңтар 2017

Қар дегеніміз не?


Қар дегеніміз әртүрлі формадағы мұз кристалдарынан тұратын атмосфералық жауын-шашын. Ауа температурасы 0ºС-тан төмен болғанда бұлттардан түседі. Қар ұлпасының салмағы бар болғаны 1 милиграмм.

Қар неге сықырлайды?
Қар тек аязда ғана сықырлайды. Оның сықырының үндестілігі ауа температурасына байланысты.  Аяз қатты болған сайын, сықырлаудың үні басым болады. Қар сықыры – бұл қардың сынған ұсақ кристалдарының  дыбысы. Олардың жеке дыбыстары адам құлағына естілмейді, ал бәрінің жиынтығы бізге естіледі.
 
Қар неге тайғанақ?
Шанамен қарда сырғанау үшін дөңгелекпен қозғалғанға қарағанда 10 есе аз күш жұмсалады. Шана немесе шаңғы табанына қысым түскенде және үйкелгенде қардың үстіңгі қабатындағы бөлшектері еріп, одан пайда болатын су қабыршығы оларды майлайды. Сол себепті қардың тайғанақтығы қар температурасына және қозғалу жылдамдығына байланысты. Құрғақ қардың бетімен 0°C-қа жақын температурадағы сырғанауда үйкеліс өте аз болады.
 
Қыстағы сабын көпіршігі
Қыс кезіндегі сабын көпіршігі – бұл ерекше әсер қалдыратын таңғажайып көрініс.  Мүмкін, сондықтан болар сабын көпіршігі үлкендерге де, балаларға да ұнайды.
Көпшілігіміз сабын көпіршігін тек жылы мезгілдерде ғана жасауға үйренгенбіз. Ал оны ешқашан қыста жасап көремегенбіз, тіпті жасауға да тырыспағанбыз. Алайда, қыста жасалған сабын көпіршігі бұл – өте әдемі, нәзік хрустальді шарлар.
Мұндай қызық тәжірибені жасап көру үшін су, глицерин, сусабын және пластмасс түтікше жеткілікті. Барлық қоспаларды араластырып, ерітінді жасаймыз. Енді жылы киініп, далаға шығу ғана қалды.
Далада 15ºС-тан 25ºС-қа дейінгі аяз болғанда ғана әдемі сабын көпіршіктерін жасауға болады. Көпіршікті үрлегеннен 10 секунд өткен соң, оның төменгі жағында ұсақ кристалдар түзіле бастайды. Олар өте тез жылдамдықпен көбейіп, соңында бірігіп күміс тәрізді мұз шарын құрайды.

Балалар әлемі


Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

© 2018 Al-Azim.Kz
Сайт материалын көшіріп басу үшін міндетті түрде сілтеме қою керек.