Жаңалықтарға жазылу  Редакторға хат жазу
Көп оқылған
Пайғамбарға арнау
19:11, 16 қаңтар 2017

Пайғамбарға арнау


Ай сұлтаны Мәуліт ай!
Қасиетті айдың төресі.
Жанашырымыз Пайғамбар
Мұхаммедтей панамыз
Біз үшін де Алладан
Тілеу тілеп пенде үшін
Дүниеден өткенше
Екі дүниенің бақытын
Тілеп кетті біз үшін.
Араша болып әлемге
Пендем пендем пендем деп
Бүкіл саналы ғұмырын
Сарып етті біз үшін.
Сүйіктісі Алланың,
Қамқаршысы біздердің
Ерекше нұрмен жаралған
Биязы көркем мінезді
Бала демей, жас демей
Әрбір жанды аялап,
Құрмет тұтып кәрісін
Ешнәрсеге кейімей
Ренжіткенге мән бермей
Сабырлықты танытып
Сондай көркем ілтипат
Сұлу әсем ниетті
Көрмеппіз біз ешкімнен
Кедей-кепшік бай демей
Басшы демей, жай демей
Әрбір жанға ерекше,
Көңіл бөліп мейіріммен
Бөліп-жармай адамды
Қадірлепті құрметпен.
Сондықтан да жамағат
Жығылмағаның сәждеге
Жығыл аманат!
Бес парызды ұмытпай
Садақа мен зікірді
Пейілінше аямай
Қажылыққа бет бұрсаң
Ол да болар ин шәә Алла!
Құдай деген құр қалмас
Қиямет күні ақ тудың
Панасына паналап
Араша болып пайғамбар
Уа Мұхаммед
Уас салату уас сәләм
Бәйек болар біздерге!

Рысалды Ботайфатихқызы


Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

© 2018 Al-Azim.Kz
Сайт материалын көшіріп басу үшін міндетті түрде сілтеме қою керек.