Жаңалықтарға жазылу  Редакторға хат жазу
Көп оқылған
Өзім жайлы
18:46, 16 қаңтар 2017

Өзім жайлы


Былғанғанба жүрегім ? байқағаным
ібіліс келіп ойымды шайқағанын
бауырларға қалайша ақыл айтам
арзан сөзбен ғайбат болса байтақ әнім

Көпшілікке көрінсем керемет боп
елдің қамын ойлаумен жүдемек боп ,
онда менің айырмам болмай қалды
атақ үшін жүгірген жүгірмек көп

Бұра тартып ойымды нәпсі деген
пайдаменен атақты жақсы көрем
жылтыраған бетіме қарап тұрып,
мұсылманның бір жұрнағын тапшы менен !

Шын ойланса жүрегім жасқанарма
сенен ешкім болмайды асқақ алла
бүлк етпестен шүкір деймін қараймында,
діннің иісін сезбейтін басқаларға

Мұның өзі емеспе тәкәппарлық ?
ал ішіне үңілсең шатақ барлық
сауап түгіл бас қайғы боп жүрмес үшін
жасайық осы бастан ерте қамдық

Ойлау дұрыс кешкі асыңды түсте білем
құтылам десең азаптың піспегінен
тындырған бір ісім жоқ сөйте тұра,
ел ішінде бітпей жатқан іске күлем

Шайтанда дос болады құтырғанмен
жетекке еріп амалдан ұтылғанмен
ақіретте сұрақтан жалтармаймыз
бес уақыт намаз оқып құтылғанмен

Жүректер арыларма күспен ыстан
дүние күлімдейді көзін қысқан
қорқамын алдаусырап түсірер деп
қияметтің тозағына жалын құшқан

Іске асырмақ болып талай арманымды
байқамадым  жаза басып қалғанымды
сұлу көрсем арнаушы ем жырларымды
бекер екен, тістеймін бармағымды

қос періште амалымды жазып жатыр
шайтан малғұн алдыма ор қазып жатыр
дүниенің соңына түсіп алып,
иманымда әлсіреп азып жатыр

сергелдеңге түскендей ой-өрісім
ұқсатам оған жамыраған қой өрісін
жеткізе алмай сөзіңді жүректегі
шатпырақтап күрмелген тіл құрысын

көз алдымда өмірім өтіп жатыр
бар күнә өн бойымда жетіп жатыр
осылайша жарты ғұмыр тоқырады
меніңде ертең жаназам оқылады

Кеңес Рахимбеков


Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

© 2018 Al-Azim.Kz
Сайт материалын көшіріп басу үшін міндетті түрде сілтеме қою керек.