Жаңалықтарға жазылу  Редакторға хат жазу
Көп оқылған
Күн көруге жанжаққа ағылған жұрт…
18:41, 16 қаңтар 2017

Күн көруге жанжаққа ағылған жұрт…


Күн көруге жанжаққа ағылған жұрт
жалақысын ала алмай сарылған жұрт
адамның көңілінен шығамын деп ,
Алланың хақ жолынан жаңылған жұрт

Ата діннен бір жола арылған жұрт
той-думаннан іздесең табылған жұрт
сәуегеймен балшыдан дауа іздеп
сөйте-сөйте пейілі тарылған жұрт

Жоқ болсада ақшасы тамағына
қалтасынан шығарар арағына
ұрпағына беретін тәлімі жоқ
қартайғанда қыз қуып қағынған жұрт

Мәнсабына мақтанып марқайған жұрт
тоқшылықты көтермей шалқайған жұрт
шариғаттан бір ауыз білмеседе,
дүниені уайымдап қартайған жұрт

Ажал келсе бейқамдық көретін жұрт
біреу өлсе апарып көметін жұрт
молданың айтқанына сенбеседе
шайтанның жетегіне көнетін жұрт

Қияметтің барына нанбайтын жұрт
баяғы бір жүрістен танбайтын жұрт
басына әлде қандай іс түспесе
өздігінен мешітке бармайтын жұрт

Ұйқылары ешқашан қанбайтын жұрт
тәтті тамақ, жылы төсек таңдайтын жұрт
қияметке дайындық көрмеседе
тойға киер киімін қамдайтын жұрт

Кеңес Рахимбеков


Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

© 2018 Al-Azim.Kz
Сайт материалын көшіріп басу үшін міндетті түрде сілтеме қою керек.